Қыр 25, 2017 16:35 Asia/Almaty
  • Ирактың Күрдістан аймағындағы референдумға қарсылық жалғасуда

Ішкі және шетелдік қарсылықтарға қарамастан, бүгін дүйсенбі күні Ирактың Күрдістан аймағында референдум басталды.

Хабарлардан референдумды ешкімнің құптамағаны, Ирактың Күрдістан аймағы басшыларының референдумға қатысудың әлсіз екендігін көрсеткені үшін күрд арналарын тоқтатып тастағаны белгілі болып отыр. Референдум Ирак Күрдістаны аймағындағы бейберекеттікке себеп болып, адамдар шекаралық өткелдердің жабылғанынан қорқып, сауда орындары мен дүкендерден жапа-тармағай азық-түлік сатып алып жатыр. Ирак Күрдістаны аймағының исламдық жамағаты референдумді нәтижесіз деп жариялады.

Ирак үкіметі Ирактың Күрдістан аймағынан шекаралық нысандар мен әуежайларды қайтаруды сұрады. Ирак премьер-министрі Хейдар ал-Абади да Бағдадтың Ирактың біртұтастығын сақтау үшін тиісті шара қолданатынын қуаттады.

Ирак Парламентінің төрағасы осы аймақтағы референдум нәтижесінің ешқандай заңды әсері болмайтынын мәлімдеді. Ирактың ұлттық коалициясы да ел үкіметінен аймаққа қарсы әскери және экономикалық қоршау жариялауды сұрады. Бағдад шетелдерден Ирактың Күрдістан аймағынан шикі мұнайдың тікелей экспортын тоқтатып, мұнай саудасын тек Ирактың орталық үкіметімен шектеуді сұрады. Түркия мен Сирия да Ирактың Күрдістан аймағында референдумның өткізілуіне қарсылық білдірді.

 

Тегтер