Ақп 09, 2023 18:13 Asia/Almaty
  • Мұхаммед Ислами: АҚХА Иранның ядролық бағдарламасы туралы мағлұматтарды ядролық келісімді жандандыруға қарсыларға береді

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: "АҚХА Иранның ядролық бағдарламасы туралы мағлұматтарды ядролық келісімді жандандыруға қарсыларға береді",-деді.

Мұхаммед Ислами АҚХА тарапынан Иранның ядролық бағдарламасы туралы мағлұматтардың жарияланып жатқаны туралы: "Агенттіктің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты құпия есептерді басқаларға жария етудегі саяси сипаттағы әрі кәсібилікке жат қатынасына риза емеспіз",-деді.

Мұхаммед Ислами "Спутник" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында АҚХА-ның Иранға қатысты әрекеті туралы: "Иран Атом қуаты ұйымының АҚХА-мен қатынасы ұлттық мүддені қорғауға негізделген",-деді.

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: "Иран ядролық технологияны қажет етпейді, әскери қару-жарақ пен атом бомбасын жасауға талпынып жатыр деген дұшпандардың уәждері жалған",-деді.

Мұхаммед Ислами: "Иран медицина, қоршаған орта және өнеркәсіп саласында ядролық білім негізінде көптеген жетістіктерге жетті",-деді.

Тегтер