Там 01, 2020 18:51 Asia/Almaty
  • Нетаньяху израильдік наразылардың оны өлтіру туралы жоспарына алаңдаушылық  білдірді

Сионистік режимнің Премьер-министрі Facebook-тегі жеке парақшасында бір видео жариялап, израильдік наразылардың оны өлтіру туралы жоспарына алаңдаушылық білдірді.

Al-Alam ақпарат арнасының жұма күні «The Times Av» сионистік сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, Беньямин Нетаньяху осы видеода өткен айларда басып алынған жерлерде болған ауқымды наразылықтарға тоқталып, кейбір сахналарда Нетаньяхуды өлтіруге уәде берген наразы ерлер мен әйелдердің суреттері мен твит жазбаларын көрсетіп, реакция білдірді.

Осы мәлімет бойынша, ашулы шерушілер өткен күндері басып алынған Құдста Нетаньяхудың үйінің алдында оның өзі, әйелі мен балаларын көміп тастайтынын айтқан.

Сионистік режим Премьер-министрінің жұбайы Сара Нетаньяху өз жанұясына қарсы арандатушы ұрандарды тоқтатуды сұрады.  

Тегтер