Шіл 01, 2022 07:24 Asia/Almaty
  • Хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатима (ғ.с.) үйленген күн

Ғаламдағы ең сұлу, ең мөлдір, ең бақытты отбасы мерейтойымен құттықтаймыз!

 

Хижраның екінші жылы зихадже айының бірінші күнінде ешбір сән-салтанатсыз, бірақ өте жылы ортада, қарапайым түрде неке қиылып, баршаның таңданысын тудырып, болашаққа үлгі болды. Бұл қарапайым және шынайы неке Алланың екі таңдаулысы, яғни хазірет Әлидің (ғ.с.) Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) сүйікті қызы Фатимаға (ғ.с.) үйленуі болды. Бұл үйлену сондай сұлу болып,  тарихта мәңгілікке қалды. Бұл екі пәк тұлғаның үйлену тойы - үлкен оқиға. Имам Хомейнидің айтунша, «бұл отбасының нұры әлемді нұрландырды».

Зилхадже айының бірінші жұлдызы – мұсылман ерлі-зайыптылардың көпшілігі үйленетін берекелі күн. Иран Ислам Республикасы бұл Мүбарак күнін «Үйлену күні» деп атады. түйсіктер, оның ішінде жыныстық түйсіктер адам бойындағы табиғи нәрселер. Ислам кейбір басқа мектептерге қарағанда басып-жаншуға бұйырмайды, ішкі күштерді бақылауға баса назар аударады. Осыған орай илаһи пайғамбарлар халықты іштен түзеп, жүректерге иман дәнін себуге, кітап пен хикмет үйретуге талпынды. Табиғи және заңды жыныстық түйсікті қанағаттандыру және қоғамда бұзақылықтың таралуына жол бермеу үшін олар некені қасиетті нәрсе деп біліп, отбасын құруды қажет деп санады. Ислам  заісыз қарым-қатынасты қабылдамайды, сондықтан жастарды некеге қиюға және ерлі-зайыптыларды бір-бірін сүйіп, дос болуға шақырады. Алла елшісі некеге отыруды маңызды санап: ««Неке – менің дәстүрім және әдісім, ал бұл әдісті кім тоқтатса, ол менің ізбасарым емес»,- деген.

Тұрақты қарым-қатынас пен бейбіт өмірдің маңызды факторларының бірі - түсініктер мен сенімдердің сәйкес келуі және ерлі-зайыптылардың моральдық құндылықтарды іс жүзінде ұстануы. Осыған сәйкес, Алладан қорқатын, пәк ерлер мен әйелдер иманды адамға үйленуге талпынады. Алла Тағала ең жақсы некені  пәк адамдардың бір-бірімен қосылу деп санап, «Нур» сүресінің 26-аятында былай деді:  «... Сондай-ақ игі әйелдер игі ерлерге, игі ерлер игі әйелдерге лайық»,- деді.  

Хазірет Әли (ғ.с.) мен Фатима-Заһраның (ғ.с.) махаббаты мен сүйіспеншілікке толы некесі. Бұл екі пәк тұлға үйленуі Құран аяттарының сәтті байланысының үлгісі. «Рум» сүресінің 21-ші аятынан: «Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар»,- деп оқимыз.

Имам Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатиманың (ғ.с.) некелерінің ерекше артықшылығы олардың пәк әрі рухани тұлға болуларында. Алла Елшісінің (с.ғ.с.) сүйікті қызы Фатима (ғ.с.) жас болса да адами кемелдікке ие болған және сүйіспеншілікке толы орталықты қалыптастыру күші бар үлгілі мұсылман әйелі. Имам Әли (ғ.с.) жас   тақуа батыр, ол қыздың қолын сұрауға барғанда, Пайғамбар (с.ғ.с.) үйге кіруге рұқсат беріп: «Есікті ашыңдар, есіктің артында Алла және Оның елшісі сүйген адам тұр»,- деді. Пайғамбар (с.ғ.с.) Әлиге (ғ.с.): «Тезірек мешітке бар, мен сенен кейін келемін, сонда неке қию рәсімін халықтың көзінше өткізіп, уағыз оқимыз»,- деді. Әли (ғ.с.) қуана мешітке қарай беттеді. Пайғамбардыі (с.ғ.с.) жүзі қуаныш пен шаттықтан жарқырап, хазірет Біләл Хабашиге: «Мұхаджерлер мен ансарларды мешітке жинаңдар»,- деп айтып, өзі мешітке аттанды. Халық жиналған соң, хазірет (с.ғ.с.) мінберге шығып, Алланы мадақтағаннан кейін: «Уа, халайық! Біліңдер, Жәбірейіл маған түсіп, Әли мен Фатиманың неке қию рәсімі жоғарғы әлемде және періштелердің қатысуымен өткені туралы Алладан хабар жіберді. Сондай-ақ Алланың маған сол жарлықты жер бетінде орындауды және сендерді куәгер қылуды бұйырғанын айтты»,- деді. Содан кейін Алла Елшісі (с.ғ.с.) үйлену уағызын айтты. Осыдан кейін Әли (ғ.с.) орнынан тұрып: «Уа, халайық! Алла елшісі (с.ғ.с.) Фатиманы маған үйлендіруге және менің сауытымды маһр ретінде қабылдады. Хазіреттен (с.ғ.с.) сұраңдар және куә болыңдар»,- деді. Жиналған халық: «Алла Тағала сендерге бұл некенің берекесін берсін, араларыңа достық пен махаббат ұялатсын»,- деп тіледі.

Фатима (ғ.с.) мен Әли (ғ.с.) бірге өмір сүруі тарихта теңдесі жоқ   отбасын тудырды. Хазірет Фатима (ғ.с.) мен имам Әли (ғ.с.) – осынау тарих жасайтын отбасының негізгі тірегі. Әли (ғ.с.), Фатима (ғ.с.), Хасан (ғ.с.), Хусейн (ғ.с.), хазірет Зейнаб, хазірет Умм әл-Күлсүм сынды тұлғалармен бұл әулет адамзат қоғамына  имандылықтың, ахлақ пен әдептің ең биік көріністерін үйретті. Хазірет Фатиманың (ғ.с.) күйеуі Әлимен (ғ.с.)  рухани және шынайы қарым-қатынасы және балаларының ерекше тәрбиесі оның мұсылман әйел ретінде өмірге жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді. Бұл мүбәрәк отбасында  екеуі де өздерінің көрнекті рухани және тұлғалық ерекшеліктерімен неке және бала тәрбиесі сияқты кәдімгі қағидаларға және жеке және қоғамдық өмірдің басқа да шындықтарына назар аударды. Көпшілік иман мен имандылыққа келгенде немесе біреу таза, бақуатты адам болғысы келсе, дүниеден бас тарту керек деп ойлайды. Бірақ бұл ерлі-зайыптылар өздерінің амалдарымен әлемнің өмір сүру  жер екенін, бірақ оны немқұрайлылықпен, салғырттықпен өткізуге болмайтынын көрсетті. Олардың  ойынша, әлем – дамудың баспалдағы, бірақ оған тәуелді болмау керек.

Адамзат осындай отбасының өмірі мен амалдарына қарыздар. Хазірет Фатима (ғ.с.) еркек пен әйел болудың жаратылыстың  хикметтерінің бірі екенін және олардың әрқайсының екіншісіне деген  мұқтаждықты қамтитының білген. Әйелдің рухани және эмоционалдық және ер адамның  сезімін жеңетін өзіндік интеллектуалдық байлығы бар. Екеуі өмір бойы қамқорлығы және қолдауымен бір-бірін толықтырады. Осы кемелдіктің аясынды олардың адамгершілігі нәтижеге жетеді. Алла Тағала еркек пен әйелдің ортақ өмірі туралы айтқанда, бұл өмір логикалық және табиғи принциптерге негізделген. Бұл тұрғыда ер адам өзіне  жүктелген міндеттерді, ал әйел басқа міндеттерді орындайды.  Бірге өмір сүру мейірім мен сүйіспеншілікпен мағыналы. Ерлі-зайыптылардың  бір-біріне деген махаббаты олардың рухы мен өміріне әсер етеді.  Кейде ер адам әйелдің бақытты болуына себеп болса, кейде әйел ер адамның бақытты болуына себеп болады. Бақыттың бірге болу, махаббат және қуаныш сыйлайтын сүйспеншіліктің таза сәттері екенін ұмытпайық. Ирланд драматургі және әдебиет сыншысы Джордж Бернард Шоу: «Бақытты отбасы – бұл ерте жұмақтан басқа ештеңе емес»,- деген.

 

 

 

Тегтер